logo
Қз

Жасыл бастамалар: Еуразиялық банк қызметкерлері Қазақстан өңірлерін көгалдандыруды жалғастыруда

Еуразиялық банк Қазақстан өңірлерінде экологиялық бастамаларды үзбей атқарып келеді. Кезекті науқан Талдықорған қаласында өтіп, банк қызметкерлері «Қорғас» халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығының автотұрақ аймағында 40 қарағай көшетін отырғызды.

 

Экологиялық шаралар банк үшін үйреншікті үрдіске айналды: еліміздің барлық өңіріндегі қызметкерлер көгалдандыру жобаларына белсенді қатысып, қалалық ортаны дамытуға өз үлестерін қосуда.

 

Еуразиялық банктің Талдықорған қаласындағы филиал директоры Мадияр Кольбаев:

«Біз экологиялық жобаларды жүйелі түрде дамытудамыз және олардың қызметкерлер, клиенттер мен серіктестер тарапынан қолдау тауып жатқанын көріп отырмыз.  Біз үшін қалаларымыз бен ауылдарымызға қамқорлық жасау науқаншылдық емес, күнделікті дағдыға айналуы маңызды. Отырғызылған әрбір ағаш — бұл болашаққа қосылған нақты үлес», — деп атап өтті.

 

«Қорғас» ХШЫО басқарушы компаниясы да жобаның инновациялық сипатына жоғары баға берді:

«Бізге күн сайын мыңдаған адам келеді. Ағаштар бұл кеңістікті жандандырып, жайлы ете түседі.  Бизнестің көгалдандыру мәселелеріне көңіл бөліп, қоршаған ортаны жақсартуға көмектесіп жатқаны ерекше қуантады», — деп мәлімдеді компания өкілдері.

 

Еуразиялық банк бүкіл әлем бойынша 150-ден астам ұйымның басын біріктіретін Mastercard «Priceless Planet Coalition» («Баға жетпес планета») жаһандық бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Оған мүше ұйымдар 2030 жылға дейін дүниежүзі бойынша 100 млн ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

 

Банк «Баға жетпес планета» коалициясына қатысып қана қоймай,  транзакциялардан түсетін бонустары көгалдандыру жобаларына бағытталатын арнайы экокарта шығарады.

 

Өткен жылы Алматы, Астана және еліміздің басқа да қалаларында 1000-нан астам ағаш отырғызылды.   Бұл бастама қала келбетін көріктендіріп, адамдарды табиғатты аялау идеясына біріктіретін банк пен оның қызметкерлерінің игі әрі тұрақты дәстүріне айналды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.