logo
Қз

Комплаенс-бақылау

Құрметті "Еуразиялық банк" АҚ клиенттері!

Банктің Комплаенс қызметінің ресми парақшасына қош келдіңіздер!
 
Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес, банкте комплаенс-тәуекелді басқару функциясы енгізілген.
 
Банктің Комплаенс қызметі банк пен оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының азаматтық, салық, банктік заңнамасының, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы, валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы, төлемдер және төлем жүйелері туралы, зейнетақымен қамсыздандыру туралы, бағалы қағаздар нарығы туралы, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы, кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы, коллекторлық қызмет туралы, депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы, қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға іс-қимыл туралы, акционерлік қоғамдар туралы заңнамаларының, банктің қаржы нарығында қызметтер көрсету және операциялар жүргізу тәртібін реттейтін ішкі құжаттарының, сондай-ақ банктің қызметіне әсер ететін шет мемлекет заңнама талаптарын сақтауын бақылайды.

Банктің Комплаенс қызметі өз жұмысында «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «Екінші деңгейдегі банктерге арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы № 188 қаулысын, банктің қаржы нарығында қызмет көрсету және операциялар жүргізу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ банктің ішкі нормативтік құжаттарын басшылыққа алады.
 
Банк сондай-ақ өз қызметін «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 28 тамыздағы № 191-IV ҚРЗ Заңы, «Шетелдік шоттарға салық салу туралы» АҚШ Заңы (FATCA), сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 267-V ҚРЗ Заңымен ратификацияланған Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияның 6-бабына негізделген және ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) тізіміне кіретін елдердің салық төлеушілерінің дүние жүзі бойынша қаржы ұйымдарындағы қаржылық шоттары бойынша ақпаратты автоматты түрде алмасудың бірыңғай стандартына бағытталған Көпжақты келісім шеңберінде жүзеге асырады. 
 
Қазақстан Республикасы заңнамасының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ «Еуразиялық банк» АҚ ішкі нормативтік құжаттары мен банк қызметкерлерінің қызметіне қатысты әдеп нормаларының бұзылу фактілері туралы хабарлау үшін төмендегі нысанды толтыру арқылы Банктің Комплаенс қызметіне тікелей авторландырылған хабарлама жібере аласыз.
 
Қаржылық қызметтерді тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылған жағдайда, банктің Комплаенс қызметі жедел түрде тиісті шаралар қабылдайды.

* – толтырылуы міндетті жолдар

Кеңес алу қажет пе?

Beeline

+7 (771) 000 7722

Tele2-Altel

+7 (700) 000 7722

ActivKcell

+7 (702) 000 7722

Android-қа арналған
Eurasian Bank

Eurasian Bank-ты PlayMarket-тен жүктеңіз

IOS-қа арналған
Smartbank

Eurasian Bank-ты App Store-дан жүктеңіз

Қосымшаны жүктеуге арналған QR-код

Кеңес алу қажет пе?

Beeline

+7 (771) 000 7722

Tele2-Altel

+7 (700) 000 7722

ActivKcell

+7 (702) 000 7722

Android-қа арналған
Eurasian Bank

Eurasian Bank-ты PlayMarket-тен жүктеңіз

IOS-қа арналған
Smartbank

Eurasian Bank-ты App Store-дан жүктеңіз

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.