logo
Қз

Еуразиялық банктің Басқармасы

Ляззат Сатиева

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ, БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Ляззат Сатиеваның банк саласындағы көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Еуразиялық банкке шақырылмас бұрын Fortebank басқарушы директоры лауазымын атқарды. Осының алдында 10 жыл бойы Казкоммерцбанк шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағытына жетекшілік етті.  БТА банкі мен Казкоммерцбанктерін біріктіру жобасына БТА банк төрағасының орынбасары позициясында қатысты.

 

Халықаралық бизнес академиясының МВА мамандығы бойынша түлегі, сондай-ақ Павлодар мемлекеттік университетінің “Қаржы және кредит” мамандығы бойынша білім алған.

 

“Теңгеге 20 жыл”  үкіметтік медалімен және “Еңбек сіңірген қаржыгер” қоғамдық орденімен марапатталған.

Сабыржан Бекбосунов

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Сабыржан Бекбосунов — 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, 37 жыл Құқық қорғау органдарында жұмыс істеді.  2003–2006  жылдары Әділет вице-министрі қызметін атқарды.

“Құрмет» және «ІІ дәрежелі “Даңқ» және «Астана» медалімен, «Ерен еңбегі үшін», «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астанаға 10 жыл» медальдарының иегері.

 

С.Киров атындағы қазақ мемлекеттік университетінің “Құқықтану” мамандығын бітірген.

Газиз Ермеков
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Газиз Ермековтың қаржы секторында елеулі жұмыс тәжірибесі бар. Өз мансабын «Тенгизшевройл» ЖШС-дан бастаған. Әр жылдары БТА банкі, Kaspi Bank, Электрондық қаржы орталығы, Қазақстандағы Қытай Банкі сияқты ірі қаржы ұйымдарында жұмыс істеді. Еуразиялық банк командасына 2022 жылғы ақпанда қосылды.

 

2006 жылы К.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университетінің “Басқару жүйелеріндегі автоматтандыру және ақпараттандыру”  мамандығын бітірді. 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің “Қаржы” мамандығы бойынша білім алды.  2018 жылы Innovative University of Eurasia атынан МВА дәрежесін алды. 2020 жылы Management & Marketing Universal Business School — General Management МВА дәрежесін иеленді.

Ибрагим Альтамиров
БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Ибрагим Альтамиров банк саласында 2008 жылдан бері жұмыс істейді, өзінің еңбек жолын Казкоммерцбанк Алматылық филиалынан бастаған.

 

Жұмыс істеген жылдарында ШОБ, корпоративтік бизнес, бөлшек тәуекелдерді басқару, корпоративтік тәуекелдерді бағалау, сондай-ақ кредиттік талдау және қаржылық мониторинг саласында мол тәжірибе алды.

 

Еуразиялық банкте жұмыс істеген 12 жыл ішінде Күмәнді қарыздардың қаржы мониторингі басқармасының аға менеджерінен Тәуекел-менеджмент мәселелері жөніндегі басқарушы директорға дейін мансаптық жол кешті.

Аскар Хамидуллин

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Аcкар Хамидуллиннің банк саласында көп жылдық тәжірибесі бар. 2023 жылғы қарашаға дейін CFO лауазымында, Jusan Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасарынан First Heartland Bank АҚ қаржы бөлімше басшысы болып қызмет істеді.  Ол бұрын Citibank (Kazakhstan) АҚ, RBS (Kazakhstan) АҚ пен HSBC Bank Kazakhsta АҚ-та еңбек еткен.

 

Т.Рысқұлов атындағы қазақ эконмикалық университетінің “Бухгалтерлік есеп, аудит және ақпараттық технологиялар” факультетін (Нархоз), сондай-ақ ҚР Ұлттық банк МВА магистратурасын үздік бітірген.

Айнагуль Даулетбаева

БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, БАСҚАРМА МҮШЕСІ

Айнагуль Даулетбаеваның банк секторында еңбек еткен көп жылдық мансабы, жан-жақты кәсіби тәжірибесі бар. Әр жылдары ірі қазақстандық банктерде басшы лауазымдарында қызмет етті.

 

М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетінің “Саяси экономика” мамандығы  бойынша білім алған түлегі.

Директорлар кеңесінің мүшелері

Ибрагимов Шухрат Алиджанович – Директорлар кеңесінің төрағасы;
Бекенов Жанбота Темиргалиевич – Директорлар кеңесінің мүшесі;
Нурушев Арман Жакыпбекович –Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;
Мусин Ерлан Рысханович –Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор;

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.