Еуразиялық банктің экологиялық бастамалары еліміздің түрлі өңірлерінде жалғасын табуда. Кезекті науқан Өскемен қаласында өтіп, онда банк қызметкерлері қалалық онкологиялық орталықтың аумағына қылқан жапырақты ағаштар отырғызды.
Бұған дейін банк қызметкерлері Көкшетау және Талдықорған қалаларындағы әлеуметтік және қоғамдық нысандарды көгалдандыруға қатысқан болатын. Осындай жобалар банк үшін біртіндеп тұрақты дәстүрге айналып келеді: филиалдар экологиялық бастамаларға кезең-кезеңімен атсалысып, анағұрлым жайлы әрі жасыл қалалық ортаны құруға өз үлестерін қосуда.
Банк әлеуметтік нысандарды көгалдандыруға жай ғана абаттандыру емес, адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және қолдау мен жайлылық қажет ететін мекемелердегі оңтайлы ортаны қалыптастыруға қосқан үлес деп қарайды.
Еуразиялық банктің Өскемен қаласындағы филиал директоры Гульмира Кожамжарова былай деп атап өтті:
«Экологиялық жобалардың мәні жаңадан егілген ағаштардан әлдеқайда тереңде жатыр. Олар ортақтастық, қамқорлық және адамдарға деген ілтипат сезімін ұялатады. Мұндай бастамалардың Қазақстанның әрбір қаласында игі үрдіске айналғанын қалаймыз».
Онкологиялық орталықта да жобаның мәніне тоқтала келе:
“Емделушілер үшін тек медициналық көмек қана емес, айналасындағы жайлылықтың да маңызы зор. Жасыл желек көбейген сайын, айнала анағұрлым жылы әрі тыныш бола түседі. Мұндай бастамалар адамдарға олар туралы тек дәрігерлер мен туған-туыстары ғана емес, бүкіл қала жұртшылығы ойлайтынын сезіндіреді»,— деп түсініктеме берді орталық әкімшілігі. деді орталық әкімшілігі.
Еуразиялық банк бүкіл әлем бойынша 150-ден астам ұйымның басын біріктіретін Mastercard «Priceless Planet Coalition» («Баға жетпес планета») жаһандық бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Оған мүше ұйымдар 2030 жылға дейін дүниежүзі бойынша 100 млн ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.
Банк «Баға жетпес планета» коалициясына қатысып қана қоймай, транзакциялардан түсетін бонустары көгалдандыру жобаларына бағытталатын арнайы экокарта шығарады.
Өткен жылы Алматы, Астана және еліміздің басқа да қалаларында 1000-нан астам ағаш отырғызылды. Бұл бастама қала келбетін көріктендіріп, адамдарды табиғатты аялау идеясына біріктіретін банк пен оның қызметкерлерінің игі әрі тұрақты дәстүріне айналды.