logo
Қз

Еуразиялық банк жаңа NU Park қоғамдық кеңістігінің құрылуына қолдау көрсетті

Еуразиялық банк NU Impact Foundation және «Тұрақты даму» Жер қорымен бірлесе отырып, Nazarbayev University аумағында бой көтеретін NU Park саябағында экологиялық науқан ұйымдастырды.  Осы игі шара барысында қатысушылар болашақ жасыл аллеяның негізін қалайтын 50 сібір шыршасын отырғызды.

 

NU Park — Nazarbayev University ашық кампус тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылатын ауқымды жоба.  Мұнда жасыл аллеялар, спорт пен шығармашылыққа арналған алаңдар, сондай-ақ таза ауада серуендеп, демалуға және жұмыс істеуге болатын заманауи қоғамдық кеңістік үйлесім тапқан. Болашақта бұл саябақ қала тынысының ажырамас бөлшегіне айналып, студенттер мен елорда тұрғындарының, сондай-ақ қала қонақтарының бас қосатын сүйікті орнына айналады.

 

Еуразиялық банк үшін бұндай бастамаларға атсалысу — экологияны қорғаумен қатар, қала өмірінің сапасын жақсартуға және жастардың болашағына үлес қосу деген сөз.  NU Park — білім, мәдениет және адамға деген қамқорлық тоғысқан өте ауқымды әрі ізгі жоба.  Серіктестерімізбен бірлесіп, студенттер мен қала тұрғындары үшін тартымды, даму және демалыс орнына айналатын бірегей кеңістікті құруға өз үлесімізді қосқанымызға қуаныштымыз», — деп атап өтті Банктің Басқарушы директоры – Астана қаласындағы филиал директоры Асия Кулдыбаева.

 

Еуразиялық банк тұрақты қалалық ортаны қалыптастыруға бағытталған экологиялық және әлеуметтік бастамаларға әрқашан ерекше көңіл бөледі.  Банк сонымен қатар экожүйелерді көгалдандыру және қалпына келтіру  жобаларына қолдау көрсететін жаһандық Mastercard Priceless Planet Coalition бағдарламасының да белсенді мүшесі болып табылады.   Бұдан бөлек, банк пайдаланғаны үшін түсетін бонустың бір бөлігі Қазақстандағы экологиялық бастамалар мен көшет отырғызу жобаларына жұмсалатын арнайы Экокарта шығарады.

 

Өткен жылы Алматы, Астана және еліміздің басқа да қалаларында 1000-нан астам ағаш отырғызылды. Бұл бастама қала келбетін көріктендіріп, адамдарды табиғатты аялау идеясына біріктіретін банк пен оның қызметкерлерінің игі әрі тұрақты дәстүріне айналды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.