logo
Қз

Еуразиялық банк Kaspi QR арқылы төлем жасау, яғни әрбір саудадан жайлылық пен бонус алу мүмкіндігін іске қосты

Алматы, 2026 жылғы 7 шілде
Еуразиялық банк өз клиенттерінің күнделікті өмірін жеңіл әрі ыңғайлы етуді жалғастырып келеді: енді банктің дебеттік карта иелері бүкіл ел бойынша 700 000-нан астам сауда нүктелерінде Kaspi QR арқылы төлем жасай алады. Бұл шешім Еуразиялық банк картасын пайдаланатын қазақстандықтардың сатып алу төлемін жеңілдету мақсатында қабылданды.

 

Сервис банктің Eurasian Bank мобильді қосымшасының соңғы нұсқасында қолжетімді және төлем жасаудың барлық үйреншікті нұсқаларын қамтиды: сатушылардың POS-терминалдарындағы QR-кодты сканерлеу, басып шығарылған QR-код арқылы төлем жасау, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аппараттарында төлем жасау. Төлем жасау географиясы мен форматтарын кеңейте отырып, банк клиенттердің өздеріне ыңғайлы жерде, артық қимылсыз және шектеулерсіз төлем жасауына жағдай жасайды.

 

Төлемдер комиссиясыз жүргізіледі, ал QR арқылы жасалған әрбір сауда клиентке 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін төлем сомасының 1% мөлшерінде кепілдендірілген бонус әкеледі. Әдеттегідей сатып ала бересіз, бірақ Kaspi QR арқылы төлем жасағаныңыз үшін Еуразиялық банктен бонус аласыз. Жинақталған бонустарды келесі сауда кезінде бірден пайдалануға болады, бұл күнделікті шығындарды одан да тиімді етеді. Банктің бонустық бағдарлама артықшылықтарымен мына жерден танысуға болады.

 

«Клиенттердің үй жанындағы дүкенде, кофеханада немесе сауда орталығында төлем жасау сияқты қарапайым, үйреншікті жағдайларда банкқамқорлығын күн сайын сезінуі – біз үшін маңызды. Kaspi QR-ді іске қосу — Еуразиялық банк картасын барынша ыңғайлы, тиімді және шексіз пайдалану жолындағы тағы бір қадам», — деп атап өтті Еуразиялық банк Басқармасының Төрағасы Ляззат Сатиева.

 

Бастапқы кезде сервис Еуразиялық банктің дебеттік карталары үшін қолжетімді, ал кредиттік карталарды қосу — жобаны дамытудың келесі қадамдарының бірі. Сондай-ақ алдағы жаңартуларда QR-төлемдер бойынша электронды түбіртектер карта бойынша үзінді көшірмеде пайда болады — қазір оларды мобильді қосымшаның «Хабарламалар» бөлімінен көруге болады, ал төлемдер тарихының өзі үзінді көшірмеде көрсетіледі. Kaspi-мейрамханалар, автобус көлігіндегі QR-кодтар (Onay) және көліктұрақтардағы QR-кодтар сияқты жекелеген санаттарды қоспағанда, төлемді Kaspi QR логотипі бар барлық сатушыларда жасауға болады.

 

Банк клиенттерге өз саудасын қадағалау және кез келген жағдайда картаны пайдалану бұрынғыдан да оңай әрі ыңғайлы болуы үшін сервисті жетілдіруді жалғастырып жатыр. Еуразиялық банк жүйелері бірыңғай QR іске қосуға дайын екенін, бұл іс-шара 2026 жылдың 19 шілдесінде өтетінін айта кетейік.

 

Еуразиялық банк клиенттерге барынша жайлы жағдай жасау үшін олардың шынайы әдеттері мен қажеттіліктеріне бағдарлана отырып, цифрлық сервистер желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.