20 мамыр 2026 жыл, Астана
Еуразиялық банк QID Ten Quat және QRM Қазақстанның тәуекел-менеджерлерінің қауымдастығымен бірлесіп “Жылдам өзгеретін әлемдегі инвестициялар: тұрақтылық стратегиялары, тәуекелдер мен мүмкіндіктер” тақырыбында сараптамалық іс-шара өткізді.
Бұл іс-шара бизнес өкілдері, қаржы секторы мен инвестициялық қауымдастық және халықаралық сарапшылар, корпоративтік басқару және тәуекел-менеджменті саласындағы тәуелсіз директорлар мен мамандар үшін ұйымдастырылған кездесу болды.
Іс-шараның Еуразиялық банк тарапынан ұйымдастырушысы ретінде Еуразиялық банктің Астана қаласындағы филиал директоры-басқарушы директор Асия Кулдыбаева сөз сөйледі.
“Бүгінгі таңда бизнестің тұрақтылығы айналамыздағы болып жатқан өзгерістерге бірден бейімделу, тиімді өзара іс-қимыл орнату және жаңа бастамаларға дер кезінде ден қою қабілеттілігіне тікелей байланысты. Дәл сондықтан да бизнес, қаржы секторы мен сараптамалық қауымдастық арасында кәсіби диалогқа арналған алаңдарды құру маңызды,-деп атап өтті.
Қатысушылар жаһандық екіұштылық, технологиялық өзгерістер мен өсіп келе жатқан экономикалық тәуекелдер жағдайында инвестициялауға, бизнесті тұрақты дамыту және тәуекелдерді басқаруға болатын заманауи тәсілдерді талқылады. Капиталды қорғау, технологиялық трансформация, корпоративтік басқару, энергетикалық және өнім қауіпсіздігі, сондай-ақ болашақ экономикадағы адам капиталының рөлі басты назарда болды.
Пікірталас барысында сарапшылар бүгінгі таңда бизнестің тұрақтылығы тек қаржылық нәтижелермен ғана емес, сонымен қатар компаниялардың өзгерістерге жылдам бейімделу, басқару процестерін тиімді құру, мықты командаларды дамыту және сыртқы сын-қатерлерге уақтылы жауап беру қабілетімен де анықталатынын атап өтті.
Инвестициялық әлеуеті жоғары өңір ретінде Қазақстан мен Орталық Азияға деген халықаралық көзқарасқа ерекше назар аударылды. Кездесуге қатысушылар халықаралық инвестициялық қоғамдастық тарапынан өңірге деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтіп, қаржы инфрақұрылымын, корпоративтік басқару және іскерлік ортаны одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара спикерлерінің арасында:
- Аскар Хамидуллин — Еуразиялық банк басқарма төрағасының орынбасары;
- Канат Абеуов — Еуразиялық банк қазынашылық операциялар блогының басқарушы директоры;
- Айгуль Джайлаубекова —”Кәсіпкерлікті дамыту қоры” АҚ және Global University Systems Holding B.V. тәуелсіз директоры;
- Марсия Фавале — CEO Agorawalk.ai және Орта Азия бойыеша Clearbrook Global вице-төрағасы;
- Жали Уалиев — АХҚО әкімшілігінің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылы және құқықтық дамыту департаментінің директоры, деректерді қорғау жөніндегі комиссар, кепіл міндеттемелерін тіркеуші, Еуропалық заң технологиялары қауымдастығының елшісі.
Кездесу модераторлары ретінде QRM қауымдастығының төрағасы Гульжан Бекмагамбетова және QID Ten Quat комитетінің мүшесі Дина Урастаева болды.
Іс-шараның қатысушы қатарында-“Астана” халықаралық қаржы орталығының, “Атамекен” ҰКП, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, Астана әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, сондай-ақ банк және корпоративтік сектордың өкілдері бар.
Еуразиялық банк бизнес, қаржы секторы және халықаралық қоғамдастық арасындағы ашық диалогты дамытуға бағытталған сараптамалық бастамалар мен кәсіби алаңдарды қолдауды жалғастыруда. Мұндай іс-шаралардың арқасында тәжірибе алмасуға, өзекті сын-қатерлерді талқылау және Қазақстан экономикасы мен инвестициялық ортасының тұрақты дамуына бағытталған практикалық шешімдерді іздеуге ықпал етеді.