Algapay төлем сервисі компания атын жамылған дәйексіз ақапарт пен жалған хабарламалардың кең таралып кеткендігі туралы хабарлады.
Сервис ақпараты бойынша алаяқтар ұқсас атауларды, бейресми аккаунттар мен басқа да қарым-қатынас жасау арналарын пайдаланып, өздерін компания өкілдері ретінде таныстырған жағдайлар кездескен. Пайдаланушыларға бонус, жүлде және ақша төлеуді уәде етіп, күмәнді сілтемелер бойынша өтуді ұсынады.
Компания Algapay сервисінің ақша ұтыстарын жүргізбейтінін, клиенттерден растау кодтары мен банктік карта деректерін сұратпайтынын, сондай-ақ ақша қаражаттарын пайдаланушы шоттарынан есептен шығармайтынын еске салады.
Осыған байланысты Еуразиялық банк өз клиенттерін қырағылық танытып, қарапайым қаржы қауіпсіздігін сақтауға шақырады:
- күмәнді хабарламалар арқылы келген сілтемелерге өтпеу;
- үшінші тұлғаларға SMS-кодтарын, құпия сөздер мен банк карталарының деректемелерін хабарламау;
- науқандар, бонустар мен арнайы ұсыныстар туралы ақпараттарды компанияның тек ресми сайттарынан тексеру;
- күдік туындаған жағдайда ұйымның қолдау қызметіне расталған байланыстар арқылы ғана хабарласу.
Есіңізде болсын: егер ұсынылып отырған ұсыныс өте қызықты немесе жеке деректерді жедел түрде беруді талап ететін болса, оның шынайылылығын қосымша тағы тексеру қажет.
Мұқияттылық — алаяқтық әрекеттерден тиімді қорғану тәсілі болып қала бермек.