logo
Қз

Алаяқтық күдігі туындағанда бұғатталған қаражатты қайтару тәртібі туралы

Еуразиялық банк клиенттерге Қазақстан Республикасында қолданылатын алаяқтық белгілері бар транзакциялар кезінде бұғатталған ақша қаражатын қайтару механизмі туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қатысуымен әзірленген заңнамадағы өзгерістер 2025 жылғы 31 тамызда күшіне еніп, клиенттерді қорғау деңгейін арттыру және қаражатты қайтару рәсімін жеңілдетуге бағытталған.

 

Қаражатты қайтару тәртібі

Алаяқтық белгілері анықталып, транзакция тоқтатылған жағдайда, қаражат қылмыстық қудалау органдарының ресми хабарламасы негізінде қайтарылады.

 

Ол үшін клиент:

  • құқық қорғау органдарына жүгіну;
  • операция бойынша тексеруге бастамашы болу;
  • алаяқтық транзакция екені расталғанын күту қажет.

 

Банкке жіберілетін хабарламаны прокуратура міндетті түрде санкциялау қажет және ол қаражатты қайтаруға негіз болып табылады.

 

Мерзімдері мен шарттары

Тиісті хабарламаны алғаннан кейін алушы банк ақша қаражатын:

  • келесі операциялық күннен кешіктірмей;
  • транзакция шеңберінде нақты бұғатталған сома шегінде қайтарады.

 

Егер бұғаттау сәтінде алушының шотында қаражат болмаса, онда ол сот тәртібімен қайтарылады.

 

Антифрод-инфрақұрылым

Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимылда қаржы нарығына қатысушылар арасында жедел мәлімет алмасуды қамтамасыз ететін және күдікті операцияларды дер кезінде анықтап, бұғаттауға мүмкіндік беретін бірыңғай технологиялық платформа — Ұлттық Банктің Антифрод орталығы шешуші рөл атқарады.

 

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы ұйымдарының белгіленген талаптарды сақтауын бақылайды.

 

Клиенттер үшін маңызды

Алаяқтық жағдайларының жиілеуіне байланысты Еуразиялық банк клиенттерге қаржылық қауіпсіздік шараларын сақтап, дербес деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.