Еуразиялық банк ақылды құрылғыларды пайдалану кезінде клиент назарын дауыстық колонкалар мен басқа да қосылған гаджеттермен қоса, цифрлық қауіпсіздік мәселелеріне аударады.
Шетелдік сарапшылар мен құқық қорғау органдарының мәліметінше, белгілі бір жағдайларда алаяқтар мұндай құрылғыларды ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу үшін пайдалануы мүмкін.
Қауіп неден туындайды?
Ақылды колонкалар мен дауыспен басқарылатын өзге де құрылғылар интернетке қосылып, түрлі сервистермен өзара әрекеттесе алады. Аккаунттардың осал тұстары болғанда немесе олар бұзылған жағдайда:
- құрылғыға рұқсатсыз қол жеткізу
- пайдаланушы туралы ақпарат жинау
- командаларды құрылғы иесінің рұқсатынсыз орындау секілді қатерлер туындауы мүмкін.
Неге назар аудару керек?
Құрылғыға рұқсатсыз қол жеткізудің ықтимал белгілері:
- құрылғының өздігінен қосылуы немесе белсенді болуы;
- командаларды пайдаланушының қатысуынсыз орындауы;
- әдеттен тыс белсенділік (музыканың қосылуы, қоңырау шалу және т.б.).
Мұндай жағдайларда қауіпсіздік баптауларын тексеріп, қажет болған жағдайда құрылғыны пайдалануды шектеу керек.
Тәуекелдерді қалай азайтуға болады
Ақылды құрылғыларды пайдалану — әр пайдаланушының жеке таңдауы. Бұл ретте қауіпсіздік деңгейі көбіне құрылғы иесінің қырағылығы мен цифрлық сауаттылығына байланысты.
Еуразиялық банк клиенттерге негізгі цифрлық қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
- күрделі құпия сөздерді пайдаланып, оларды жүйелі түрде жаңартып отыру;
- құрылғыларды тексерілмеген сервистерге қоспау;
- қосымшалардың рұқсаттарын қадағалау;
- бағдарламалық жасақтаманы дер кезінде жаңарту.