logo
Қз

Visa Infinite ұстаушыларына арналған жаңа премиум сервис: Алматы әуежайынан тегін трансфер

2025 жылғы 1 шілдеден бастап Visa Infinite премиум картасын ұстаушылар үшін Алматы халықаралық әуежайынан тегін трансфер-жаңа сервисі қолжетімді. Қызметті алдын ала брондау арқылы алуға болады және оған тақтайшамен күтіп алу, багаж көтеру және қала шегіндегі кез келген нүктеге дейін ыңғайлы бизнес-класс көлігімен жүру қызметтері кіреді.

 

Бұл қалай жұмыс істейді?

Трансферді брондау үшін Visa Concierge чат-боты арқылы ертерек сұрату жіберу жеткілікті. Автокөлік дәл уақытында келіп, әуежайда багажды көтеруге дайын және жайлы жол жүрісін қамтамасыз ететін жүргізушімен бірге күтетін болады.

 

Басты артықшылықтары:

  • Автокөліктің кесте бойынша жеке берілуі;
  • Әп-сетте ыңғайлы брондау;
  • Ыңғайлы автокөліктер мен ұқыпты жүргізушілер;
  • Есімі жазылған тақтайшамен күтіп алып, машинаға дейін алып жүру.

 

Қызмет қолжетімділігі кімдерге арналған?

Visa Infinite карта ұстаушылары үшін жылына 6 сапар.

 

Трансферге қалай тапсырыс беруге болады?

1. Visa Concierge чат-ботында авторизациядан өтіңіз.

2. «Әуежайдан трансфер» бөлімін таңдаңыз.

3. Шарттарымен танысып, оларды растаңыз.

4. Visa картасын байластырып, қызмет қолжетімділігін тексеріңіз.

5. Рейс уақыты мен күнін, нөмірін, жолаушы мен багаж санын, сондай-ақ тақтайшадағы мәтінді (қажет болған жағдайда) көрсетіңіз.

 

Ұсынысқа 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін қол жеткізуге болады.

 

Қызмет автокөлік берілгенге дейін кемінде 2 сағат бұрын алдын ала брондау арқылы көрсетіледі.

 

Назар аударыңыз! 2026 жылдың 1 ақпанынан бастап басымдық қызметіне қол жеткізу үшін жаңартылған ең төменгі сатып алу талаптары күшіне енеді. Келесі Visa картасының айналымы 35 күн ішінде орындалуы тиіс:

  • Visa Infinite – кемінде 550 000 теңге (бұрын 300 000 теңге).

Балама соманы басқа валютада алуға рұқсат етіледі.

 

Толығырақ: visa.com.kz

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.