logo
Қз

Еуразиялық банктің дебеттік карта иелері енді Kaspi QR арқылы сауда жасағаны үшін жылдам әрі комиссиясыз төлем жасай алады

Еуразиялық банк Eurasian Bank мобильді қосымшасында Kaspi QR функциясының пайда болуына орай «QR арқылы сатып алғаныңыз үшін есептелетін бонус» науқанын іске қосады.

 

2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін клиенттер Eurasian Bank мобильді қосымшасында осы функцияны пайдаланғаны үшін 1% бонус ала алады.

 

 

МҮМКІНДІКТЕР:

 

  1. 250 000-нан астам сауда нүктелерінде төлем жасау

Төлемді бүкіл Қазақстан бойынша Kaspi QR-ды қабылдайтын барлық жерде жасаңыз.

 

  1. Кез келген ыңғайлы тәсілмен төлеу

QR-кодты сатушының басып шығарылған статикалық QR-коды бойынша POS-терминалында, сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аппараттарында сканерлеңіз.

 

  1. Комиссиясыз

Kaspi QR арқылы барлық операциялар клиент үшін ешқандай комиссиясыз жүргізіледі.

 

  1. Лимиттер

Айына 30 000 бонусқа дейін, күніне 10 000 бонусқа дейін. Жинақталған бонустарды келесі сауда кезінде пайдалануға болады. Бонус бағдарламасының шарттарымен мына жерден танысуға болады.

 

 

БІЛУ МАҢЫЗДЫ:

 

  1. Қызмет Kaspi QR бар барлық жерде қолжетімді

Ерекшеліктер: Kaspi-мейрамханалар, автобустардағы көлік QR-кодтары (Onay), ішінара — көліктұрақтардағы QR-кодтар.

 

  1. Бір операцияның ең жоғары сомасы

2 500 000 теңге.

 

  1. Әзірге тек дебеттік карталар үшін қолжетімді. Жақын арада кредиттік карталар да қосылады.

 

  1. Түбіртектер «Хабарламалар» бөлімінде

Барлық QR-төлемдер тарихы картаның  үзінді көшірмесінде көрсетіледі. Түбіртектер әзірге мобильді қосымшаның «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді — болашақ релизде үзінді көшірмеде де пайда болады.

 

  1. Тек Eurasian Bank қосымшасының жаңа нұсқасында қолжетімді

Kaspi QR функциясын пайдалану үшін мобильді қосымшаны жаңа нұсқаға дейін жаңарту қажет.

 

Науқан ережелері мына жерде қолжетімді.

 

Eurasian Bank қосымшасында Kaspi QR қосып, тиімді сауда  жасаңыз!

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.