logo
Қз

Цифрлық қауіпсіздік туралы тегін курс енді Қазақстанда да Еуразиялық банк қолдауымен қолжетімді болмақ

Еуразиялық банк қолдауымен  Women in Tech Kazakhstan және Be Woman платформаларында заманауи алаяқтық схемаларын тану, жеке деректерді қорғау, цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы тұру және онлайн қызметтерді қауіпсіз пайдалануға көмектесетін он практикалық подкаст “Аман Бол/Әйелдерге арналған цифрлық қауіпсіздік” атты білім беру жобасы іске қосылды.

 

Подкастарды  https://aman-bol.kz/ сайтынан көруге болады.

 

“Аман Бол” бағдарламасы – бұл заманауи әрі маңызды бастама. Біз банкте қазақстандықтардың қаржылық мінез – құлқын іштей көреміз, қауіп-қатер сипатының өзгерісі бізді алаңдатады. Бүгінгі таңда алаяқтар тек банктердің техникалық жүйелеріне ғана емес, сонымен қатар адам әдеттеріне, сеніміне де шабуыл жасайды. Біз неліктен “Аман бол” жобасының серіктесі болдық?  Клиенттерді қорғау-біз үшін олардың бізге артқан сенімдері.  Ал сенім — біз істеп жатқан барлық істердің негізі”, – деді Еуразиялық Банк Басқарма төрағасы Ляззат Сатиева.

 

“Аман Бол / Әйелдерге арналған цифрлық қауіпсіздік” жобасының тұсаукесері 26 маусымда Алматыда  Innotech powered by Arizona State UniversityWIT алаңында Women in Tech Kazakhstan ұйымдастырған Summer Meetup аясында өтті

 

“Біз Цифрлық сауаттылықтың қаржылық сауаттылық немесе шет тілдерін білу сияқты қажетті құзыреттілікке айналған дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Әйелдер заманауи технологияларды пайдаланып қана қоймай, өздерін цифрлық ортада қалай қорғау керектігін түсініп, өз ісін дамыту үшін жаңа құралдарды пайдаланулары керек”, — деп атап өтті CEO Women in Tech Kazakhstan Әсем Болатжан.

 

Статистикаға сәйкес қаржылық және цифрлық алаяқтық құрбандарының жартысынан көбі-әйелдер. Алаяқтар олардың эмоционалды жауаптылық пен жақындары үшін өздеріне жауапкершілік алған ең мықты қасиеттеріне қысым жасайды.  Сондықтан “Аман Бол” курсы әйелдерге цифрлық әлемді сенімді шарлап, тәуекелдерді тануға және өз психикасын, психикалық денсаулығын, жеке шекаралары мен отбасының әл-ауқатын қорғауға көмектеседі.

 

Еуразиялық банк осы бағыттағы өзінің жауапкершілігін сезініп, цифрлық қауіпсіздікті арттыру бойынша жүйелі жұмыс жасап келеді.  2025 жылы алаяқтыққа қарсы күрес бойынша бірқатар білім беру бейнероликтері жарыққа шықты,  өзекті алаяқтық  схемаларын банк сайтында үнемі жариялайды, қызметкерлерді зиянкестердің арбауына түскен клиенттерді тануға үйретеді.

 

Бейнероликтерді банктің  YouTube-арнасынан көруге болады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.