logo
Қз

Әлеуметтік нысандарды көгалдандыру: Еуразиялық банк қызметкерлері Павлодар облысында шырша отырғызды

Еуразиялық банк Қазақстан өңірлерінде экологиялық бастамаларды іске асыруды жалғастырып келеді.  Кезекті көгалдандыру шарасы Павлодар облысында ұйымдастырылып, банк қызметкерлері аймақтағы әлеуметтік нысандардың аумағына шырша екті.

 

Жас көшеттер Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық ауруханасында, сондай-ақ Екібастұз қаласы білім бөлімінің №24 көпбейінді мектеп-гимназиясы аумағында бой көтерді.

 

Банктің экологиялық бастамалары еліміздің түкпір-түкпірін қамтып келеді.  Бұған дейін банк қызметкерлері Астана, Алматы, Өскемен, Қостанай, Көкшетау, Тараз және Талдықорған қалаларындағы әлеуметтік мекемелер мен қоғамдық орындарды көгалдандыруға атсалысқан болатын. Жоба ауқымын жүйелі түрде кеңейте отырып, банк әлеуметтік нысандарды абаттандырып, бүкіл Қазақстан бойынша неғұрлым жайлы қалалық орта қалыптастыруға өз үлесін қосуда.

 

“Табиғатты аялау — тек қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қадам ғана емес, сонымен бірге келер ұрпақтың жарқын болашағына салынған инвестиция. Экологиялық бастамаларға қолдау көрсетіп, Павлодар өңірі мен еліміздің өзге де қалаларын жасыл желекке айналдыруға үлес қосып жатқанымызды мақтан тұтамыз», — деді банктің АҚ Павлодар қаласындағы филиал директоры Ерболат Ниязбеков.

 

Еуразиялық банк бүкіл әлем бойынша 150-ден астам ұйымның басын біріктіретін Mastercard «Priceless Planet Coalition» («Баға жетпес планета») жаһандық бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Оған мүше ұйымдар 2030 жылға дейін дүниежүзі бойынша 100 млн ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

 

Банк «Баға жетпес планета» коалициясына қатысып қана қоймай, транзакциялардан түсетін бонустары көгалдандыру жобаларына бағытталатын арнайы Экокарта шығарады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.