Алматы, 2026 жылғы 17 наурыз
Еуразиялық банк Алматы қаласында Tier III халықаралық стандарт талаптарына сай келетін заманауи үлгідегі деректерді өңдеу орталығының (ДӨО) құрылысын аяқтады. Жаңа объект банктің технологиялық инфрақұрылымын дамытудың маңызды кезеңіне айналып, қаржылық сервистердің жоғары сенімділігін, қауіпсіздігін әрі үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Жоба өте қысқа мерзімде — небәрі төрт айдың ішінде іске асырылды. Осы уақыт ішінде банк ғимараттарының бірі толығымен қайта жарақтандырылып, энергиямен қамтамасыз ету, салқындату, қауіпсіздік, өрт сөндіру секілді заманауи инженерлік жүйелермен жабдықталған, архитектурасы бұзылысқа төзімді жоғары технологиялық инженерлік кешенге айналды.
Жаңа ДӨО банктің аса маңызды жүйелерінің 24/7 режимінде тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және банк өнімдері мен қызметтерін одан әрі цифрландыруға жол ашады.
“ДӨО — бұл жай ғана есептеу қуаттарын орналастыруға арналған инфрақұрылым емес, деректердің сенімділігі мен сақталуын қамтамасыз ететін негізгі элемент. Жоба осындай қысқа мерзімде банк командасы мен серіктестердің үйлесімді жұмысының арқасында іске асырылды. Біз заманауи талаптарға сәйкес келетін және жасанды интеллектпен қоса , озық технологиялық шешімдерді енгізуге мүмкіндік беретін платформа жасадық», — деп атап өтті «Еуразиялық банк» АҚ Ақпараттық технологиялар блогының басшысы Нурлан Сарсебеков.
Жоба жобалаудан бастап пайдалануға берілгенге дейінгі толық цикл бойынша іске асырылды. Бас мердігері ретінде ДӨО-лардың инженерлік инфрақұрылымын құруда 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Vicom Plus» ЖШС болды. Технологиялық серіктес ретінде Kehua халықаралық вендоры таңдалды, оның ұсынған шешімдері жоғары сенімділік пен тиімділік талаптарына толық жауап береді.
Меншік ДӨО-ның құру арқылы банк цифрлық сервистерді жедел енгізетін болады, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттырады және бизнестің шағын, орта және корпоративтік кәсіпкерлік сегменттерімен қоса жаңа бағыттарын дамыту үшін технологиялық негізді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Цифрлық даму стратегиясы шеңберінде банк қазірдің өзінде жаңа мобильді шешімдерді іске қосу, заңды тұлғаларға арналған интернет-банкингті дамыту, сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі технологияларды енгізу тәрізді бірқатар бастамаларды іске асыруда.
Бұған қоса банк Астанада резервтік деректерді өңдеу орталығының (DR-ДӨО) құрылысына кірісті. Жаңа объект инфрақұрылымның апатқа төзімділігін қамтамасыз етеді: Алматыда штаттан тыс жағдайлар орын алғанда, жүйелер автоматты түрде резервтік алаңға ауыса алады, бұл бизнес-процестердің үздіксіздігі мен деректердің сақталуына кепілдік береді.
Банктің бағалауынша, жобаның өзін-өзі ақтау мерзімі орта есеппен 1,5 жылдан 2 жылға дейін, бұл ішкі инвестициялық бағдарларға сәйкес келеді.
Меншік ДӨО құра отырып, инфрақұрылымды технологиялық жағынан күшейтіп қана қоймай, сонымен бірге клиенттерге арналған сервистердің сапасы мен тұрақтылығын арттыруға жасалған нақты қадам. Іске асырылған жоба Еуразиялық банкке жаңа цифрлық шешімдерді жылдам енгізе отырып, жоғары деңгейлі сенімді операцияларды қамтамасыз ету және бизнесті дамып келе жатқан цифрлық дәуір жағдайында сенімді түрде кеңейтуге мүмкіндік береді.