Еуразиялық банк Қазақстанның әр өңірлеріндегі медициналық мекемелерге атаулы көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл жолы көмек күнделікті қызметтің үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету ресурстарына аса қажеттілік байқалған Қостанай аудандық ауруханасына көрсетілді.
Медициналық мекемеге медициналық құжаттар мен әкімшілік тапсырмаларды өңдеуге арналған көпфункционалды үш құрылғы (КФҚ) берілді. Сонымен қатар мекемеге тазалық пен санитарлық нормаларды сақтауға қажетті негізгі тұтынылатын шаруашылық тауарлар да жеткізілді.
Берілген көмек медицина қызметкерлерінің жұмыс процесін жеңілдетуге және қызметкерлер мен пациенттер үшін барынша ыңғайлы жағдай туғызуға мүмкіндік береді.
“Біз денсаулық сақтау саласы мекемелерінде жұмыстың тоқтаусыз жүру маңыздылығын түсіне отырып, оларға ерекше көңіл бөлеміз. Тіпті мақсатты, нақты көмектің өзі медицина қызметкерлерінің күнделікті жұмыстарын тиімді атқаруларына айтарлықтай ықпал етеді, – дейді банктің Қостанай қаласындағы филиалының директоры Қырмызы Жаңбыршина.
“Еуразиялық банкке” көрсетілген көмек үшін алғысымызды білдіреміз. Берілген техника мен қажетті материалдар бізге ішкі процестерді оңтайландыруға және біздің басты мақсатымыз – халыққа сапалы медициналық жәрдем беруге ден қоюға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Қостанай аудандық ауруханасының бас дәрігері Қарлығаш Қаржаубаева.
Еуразиялық банк – активтерінің көлемі бойынша ірі ондыққа кіретін Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Банк автокредиттеу, бөлшек бизнес бойынша жетекші рөл атқарады және корпоративтік, шағын және орта бизнес клиенттерге арналған алуан түрлі қызметтерді ұсынады.