Алматы, 2026 жылғы 15 сәуір
Еуразиялық банк цифрлық серистер мен клиенттердің қойлайлығына қойылатын заманауи телептарды ескере отырып әзірленген жаңа ресми сайтын іске қосты.
Жаңартылған платформаның дизайны мен интерфейсі заманауи әрі түсінікті сипатқа ие болды. Жобаны банктің бірнеше бөлімшесі бірлесе әзірледі. Бастапқы кезеңде Стратегиялық коммуникациялар және маркетинг басқармасы қызметкерлері дизайн тұжырымдамасын дайындап, сайт банктің коммуникациялық стратегиясына сәйкес әрі клиенттер үшін ыңғайлы болу үшін контент мазмұнын қадағалады.
“Жаңа сайтты әзірлеудегі мақсатымыз — сайт дизайны мен контенті арқылы клиентпен «бір тілде» сөйлесу, яғни күрделі терминдерсіз, қарапайым әрі түсінікті мәтіндер ұсыну. Біздің команда пайдаланушылардың өздеріне қажет өнімдер мен сервистерді жылдам табуына мүмкіндік беретін беттерді, өзара әрекеттесу сценарийлері мен ақпараттың берілу құрылымын егжей-тегжейлі пысықтады», — деп атап өтті Еуразиялық банктің Стратегиялық коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры Лариса Коковинец.
Соның нәтижесінде пайдаланушылар сайтқа жеңіл үйреніп, өздеріне қажет шешімдерді еш қиындықсыз алатын болды. Атап айтқанда, платформада ақшалай, автокредиттер мен ипотека талаптарын жылдам есептеп, оңтайлы өнімді таңдау үшін онлайн-калькуляторлар орнатылды.
Сайттың визуалды және функционалдық тұжырымдамасы бекітілгеннен кейін жобаға банктің Ақпараттық технологиялар блогының командасы қосылып, техникалық бөлімді іске асырды, сервистерді біріктірді, жаңа функционалдық мүмкіндіктерді енгізіп, түпкілікті пысықтау жұмыстарын жүргізді.
Енді сайттың технологиялық бөлігі заманауи қауіпсіздік стандарттары мен реттеушілердің талаптарына сай. Платформа жоғары жылдамдық, ауқымдылық пен тұрақтылыққа, сондай-ақ жаңа сервистерді жедел енгізуді қамтамасыз ететін архитектураға негізделген.
Жаңа сайттың негізгі артықшылықтары:
- Беттерді конструкторлық тәсіл арқылы жасау, яғни контентті әзірлеуші көмегінсіз жылдам жаңарту;
- Мобильді құрылғыларға автоматты бейімделу;
- Баннерлер, слайдерлер, калькуляторлар, кері байланыс нысандары, FAQ блоктары сияқты кең функционалдық блок жинағы;
- Клиент өтінімдерін орталықтандырылған жинау және талдау;
- беттерді іздеу мен индекстеуді жеделдететін жақсартылған SEO-оңтайландыру.
Жаңартылған сайтты іске қосу — Еуразиялық банктің қызмет көрсету сапасын арттыруға, клиенттер үшін қолайлы, қауіпсіз әрі заманауи орта қалыптастыруға бағытталған цифрлық трансформациясының кезекті қадамы. Сайтты дамыту және жетілдіру жұмыстары пайдаланушы тәжірибесін жақсарту және жаңа қызметтермен тұрақты жаңарту жұмыстарымен жалғасады.