logo
Қз

Еуразиялық банк Қазақстанда алғашқылардың бірі болып ISO 20022 халықаралық стандартын енгізді

Алматы, 2026 жылғы 10 наурыз

Еуразиялық банк екінші деңгейлі банктер арасында алғашқылардың бірі болып халықаралық төлемдер үшін ISO 20022 қаржылық хабарлама алмасудың халықаралық стандартын енгізді.

 

Естеріңізге сала кетсек, 2025 жылғы қаңтардан бастап Қазақстанның банк жүйесі ISO 20022 негізіндегі қаржылық хабарламалармен жаңа форматта алмасуға  көшкен болатын. Стандартты енгізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің үйлестіруімен қабылданды.

 

Еуразиялық банк халықаралық төлемдерге арналған жаңа форматты 2024 жылдың соңында толық біріктірді. Еуразиялық банк Басқарма Төрағасының орынбасары Газиз Ермековтың айтуынша, стандартты енгізу халықаралық есеп айырысулардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

 

«ISO 20022 стандартына көшкен кезде халықаралық төлемдерді өңдеу жеделдепп, корреспондент-банктерден келетін нақтылау сауалдар санын азайтты және операциялардың орындалу дәлдігін арттырды. Алайда ISO 20022 стандартының толық әсері нарық қатысушыларының көпшілігі оған қосылған кезде ғана байқалады.  Серіктестердің басым бөлігі жаңа стандартқа көшкен бойда, клиенттер мен банктер оның артықшылықтарын — операцияларды жүргізу уақытын қысқартудан бастап, деректердегі қателерді барынша азайтуға дейін толық сезінетін болады».

 

Ол сондай-ақ стандартты қолдану операциялық және комплаенс-тәуекелдерді азайтатынын атап өтті.

 

«AML жүйелері клиентті барынша айқын тануға мүмкіндік беретіндіктен  аударымдар жылдамырақ өңделеді, құрылымдалмаған мәтін азаяды, қолмен нақтылау қажеттілігі төмендейді, кідірістер мен қайтару саны кемиді, сонымен қатар, комплаенс деңгейі артады. Яғни төлем мақсатының көмескілігінен бұғатталу қаупі азаяды. Бұл әсіресе ашықтыққа қойылатын талаптар үнемі күшейіп жатқан SWIFT жүйесі арқылы жұмыс істегенде өте маңызды», — деді ол.

 

2025 жылғы қарашада банк camt.053 форматындағы хабарламаларды — ISO 20022 стандартындағы банктік үзінді көшірмелерді өңдей бастады. Бұл формат бойынша жаһандық дедлайн кешірек болса да, банк үшін енгізу процесінің алдын алу сипаты маңызды болды.

 

ISO 20022 — Халықаралық стандарттау ұйымы (ISO) әзірлеген қаржылық хабарламалармен алмасудың халықаралық стандарты. Оны банктер мен қаржы ұйымдары төлемдер, аудармалар және есеп айырысулар туралы деректерді беру үшін қолданады.

 

ISO 20022-нің бұрынғы форматтардан (мысалы, MT-хабарламалардан) басты айырмашылығы — деректерді құрылымдық түрде беруінде. Жаңа стандарт төлем нұсқаулықтарына көбірек ақпарат қосу, қолмен өңдеуді азайту және халықаралық төлемдерді жеделдетуге мүмкіндік береді.

 

Бүгінгі таңда Еуразиялық банк төлем нұсқаулықтарын ескірген MT форматынан аралық айырбастаусыз, бірден толық көлемде ISO 20022 форматында береді. Стандарт сондай-ақ төлемдерді қайтаруды автоматты түрде өңдеуде де, кіріс төлемдерінің мәртебесін, соның ішінде ресей рубліндегі есеп айырысуларды нақты уақыт режимінде операцияларды бақылау жүйесіне беру де қолданылады.

 

Газиз Ермековтің айтуынша, ISO 20022 стандартына көшу төлем инфрақұрылымын дамытудың маңызды кезеңі болып табылады.

 

«Корпоративтік клиенттер үшін бұл халықаралық төлемдер кезіндегі есеп айырысулардың тұрақтылығы мен белгісіздіктің азаюы болса, ал банктер үшін — технологиялық позицияны нығайту және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыру болып табылады», — деп атап өтті ол.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.