logo
Қз

Еуразиялық банк Атырау облысының Жылыой орталық аудандық ауруханасына қайырымдылық көмек көрсетті

Еуразиялық банк Қазақстанның әр өңірлеріндегі әлеуметтік маңызды мекемелерге жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы банк Жылыой аудандық орталық ауруханасына (Атырау облысы) күнделікті әкімшілік және медициналық жұмысқа қажетті компьютерлік техниканы тапсырды.

 

Мекемеге медициналық құжаттаманы рәсімдеу және үздіксіз құжат айналымын қамтамасыз ету үшін аурухана бөлімшелерінде қолданылатын принтерлер берілді. Жаңа техника жұмыс процестерінің жеделдігін арттырып, персоналға жүктемені азайтуға мүмкіндік береді.

 

Бұған дейін де Еуразиялық банк медициналық мекеме бөлімшелерінің жағдайын жақсартуға ат салысып, ауруханаға қолдау көрсеткен болатын.

 

“Біз өңірлердегі әлеуметтік маңызды ұйымдарға іс жүзінде және атаулы қолдау көрсетуге тырысамыз. Заманауи техникалық жарақтандыру — медициналық мекемелердің тұрақты жұмысының маңызды құрамдас бөлігі. Берілген техника аурухананың күнделікті қызметінде пайдалы болады деп үміттенеміз”, – деді Еуразиялық банктің Атыраудағы филиал директоры Алия Утепкалиева.

 

“Біз Еуразиялық банкке көрсеткен көмегі мен атқарып жатқан жұмысымызға көңіл бөлгені үшін ризамыз. Мұндай қолдау ішкі процестерді неғұрлым тиімді ұйымдастыруға ықпал етіп, медицина қызметкерлеріне ешнәрсеге алаңдамай, басты міндет болып табылатын халыққа сапалы медициналық көмек көрсетуге ден қоюға мүмкіндік береді”, — деп атап өтті Жылыой аудандық орталық ауруханасының директоры Асулан Абдрахманов.

 

Жылыой аудандық орталық ауруханасы —Қазақстанның ең көне медициналық мекемелерінің бірі. 1928 жылы негізі қаланған мекеме жүз жылға жуық уақыт аралығында акушерлік, гинекология, терапия, хирургия және педиатрия сияқты бағыттар бойынша аймақ тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмек көрсетіп келеді.

 

Еуразиялық банк — әлеуметтік маңызды, активтерінің мөлшері бойынша ірі ондықтың қатарындағы Қазақстанның коммерциялық  банкі. Банк автокредиттеуде, бөлшек бизнесте жетекші орынға ие, корпоративтік және ШОБ клиенттеріне ауқымды қызметтер ұсынады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.