Еуразиялық банк Медицина қызметкері күні қарсаңында Алматы қалалық №4 клиникалық ауруханаға жаңа жедел медициналық жәрдем автокөлігін берді.
Мамандандырылған көліктің кілтін салтанатты жағдайда банктің өкілдері тапсырды.
«Медицина қызметкерлері күн сайын адамдардың денсаулығы мен өмірі үшін орасан зор жауапкершілікті арқалайды. Олардың кәсіби мерекесі қарсаңында біз өз ризашылығымызды сөзбен емес, нақты қолдау көрсету арқылы білдіргіміз келді», — деп атап өтті Еуразиялық банктің Алматы филиалы директорының міндетін атқарушы Гульмира Абильдинова.
Табыс етілген автокөлік медициналық жәрдем көрсету жеделдігін арттырып, пациенттерді уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді және Алматы қаласының тұрғындары үшін медициналық қызметтер қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
«Біздің аурухана үшін бұл — маңызды әрі дер кезінде көрсетілген қолдау. Бұл бізге неғұрлым мобильді болуға және пациенттерге жедел жәрдем көрсетуге жағдай жасайды. Денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударып, медициналық инфрақұрылымды дамытуға үлес қосқаны үшін Еуразиялық банкке алғыс білдіреміз», — деді №4 қалалық клиникалық аурухана директоры Биржан Досмаилов.
Алматы қалалық №4 клиникалық аурухана — Алматы қаласының Түрксіб және Жетісу аудандарының тұрғындарына, Емдеуге жатқызу бюросының порталы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерінен келген пациенттерге шұғыл, мамандандырылған және жоғары технологиялық жәрдем көрсететін көпбейінді медициналық мекеме болып табылады. Аурухана сондай-ақ консультациялық-диагностикалық және стационарды алмастыратын қызметтерді де ұсынады.
Еуразиялық банк — активтерінің көлемі бойынша ең ірі ондықтың қатарына кіретін Қазақстандағы әлеуметтік маңызды коммерциялық банк. Банк автокредиттеуде, бөлшек бизнесте көшбасшы орынға ие, сондай-ақ корпоративтік және ШОБ клиенттеріне ауқымды қызметтерді ұсынады.