2026 жылғы 6 мамыр — «Еуразиялық банк» АҚ ХҚЕС-ке сәйкес дайындалып, тәуелсіз аудитор растаған 2025 жылғы шоғырландырылған қаржы есептілігін жариялады. Есепті кезең бизнес тұрақтылығына, операциялық тиімділік пен технологиялық трансформациясына бағытталған құрылымдық өзгерістердің кезеңі болды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша банктің таза пайдасы бір жыл бұрынғы 82,7 млрд теңгеге қарағанда 25,4 млрд теңгені құрады. Көрсеткіш динамикасы капитал құрылымындағы стратегиялық шешімдерді іске асыруға, халықаралық қатысуды оңтайландыруға, сондай-ақ банктің технологиялық инфрақұрылымын дамытуға салынған елеулі инвестицияларға байланысты біржолғы факторларға байланысты.
Негізгі қызмет көрсеткіштері:
- Кредиттік портфель корпоративтік және бөлшек клиенттер тарапынан тұрақты сұранысты көрсете отырып, 1,493 трлн теңгеге (2024 жыл: 1,479 трлн теңге) дейін ұлғайды. Банк әртараптандырылған және сапалы портфелі бар корпоративтік кредиттеу нарығындағы ең ірі ойыншылардың бірінің позициясын сақтағанын айта кету керек.
- Жиынтық актив көлемі 2 986 млрд теңгеге жетті. Ақша қаражатының көлемі мен оның баламасы айтарлықтай өтімділік қорын қалыптастыра отыра 664,7 млрд теңгеге дейін артты.
- Меншік капитал 392,8 млрд теңге тұрақты деңгейде қалды. бірінші деңгейдегі жеткілікті капитал коэффициенті — 0,19, бұл Қазақстанның ірі банктері арасындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі болып табылады.
- Шетел валютасымен жасалған операциялардан түскен түсім 54,4 млрд теңгеге дейін өсті (2024 жылы 44,2 млрд теңге), яғни банктің осы сегменттегі күшейтілген позициясын көрсетеді.
- күтілетін кредиттік шығын резервтерін қалыптастыру шығындары 42,2 млрд теңгені құрайды (2024 жылы: 42,4 млрд теңге), яғни тұрақты актив сапасын растайды.
- Операциялық тиімділік әкімшілік шығыстарды 24,7 млрд теңгеге дейін төмендету есебінен жақсарды (2024 жылы су тасқыны салдарын жоюға байланысты біржолғы шығыстармен қоса, 35,0 млрд теңге).
«2025 жылы біз сенімділікке баса назар аударып, ұзақ мерзімді өсім негізін қаладық. Капитал құрылымы, бизнес-бағыттардың өтімділігі мен калибрлеу бөлігінде іске асырылған шешімдер банктің сыртқы орта өзгерістеріне икемді бейімделіп, орнықты даму траекториясы бойынша дәйекті қозғалуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Банк Басқармасының төрағасы Ляззат Сатиева.
Есепті кезеңнің қаржы көрсеткіштерін анықтаған факторлар:
Капитал құрылымын оңтайландыру
2025 жылғы желтоқсанда банк субординацияланған облигациялардың 30,0 млрд теңге сомасын құрайтын бөлігін мерзімінен бұрын өтеді. 15,9 млрд теңге мөлшеріндегі тиісті бухгалтерлік әсер пайыздық шығындармен көрсетілген. Шешім мемлекеттік қолдау үлесін төмендету және капитал базасының дербестігін нығайту жөніндегі стратегия шеңберінде іске асырылды.
Халықаралық периметр
Есепті кезеңде тиісті инвестициялардың құнсызданғанын мойындай отырып, Өзбекстан Республикасында еншілес банк қызметін аяқтау туралы шешім қабылданды.
Тәуекел-менеджмент
Банк ХҚЕС 9-ға сәйкес кредиттік тәуекелдерді бағалаудың консервативті көзқарасын сақтап, портфель сапасын арттырды.
Бизнес-модель
2025 жылы банк бизнесті трансформациялауды жалғастырды: сауда кредиттеу сегментінен шығып, бейінді емес актив көлемі дәйекті түрде қысқарды.
Технологиялар және инфрақүрылым
Шығындардың едәуір бөлігі технологиялық инфрақұрылымды дамытуға салынған инвестициялар арқылы қалыптасты. Салынған инвестициялар қазірдің өзінде нәтиже берді-2026 жылы TierIII деңгейіндегі ең жаңа деректерді өңдеу орталығы (ДӨО) пайдалануға берілді. Ол 24/7 негізгі жүйелердің үздіксіз жұмысын, жоғары деңгейлі сенімділік пен киберқауіпсіздікті қамтамасыз етіп, цифрлық қызметтерді, соның ішінде жасанды интеллектке негізделген шешімдерді масштабтауға негіз болады.. Сонымен қатар Астанада резервтік дата-орталығының құрылысы жүріп жатыр.
2025 жылдың негізгі технологиялық бастамаларының қатарында периметрі бойынша толық цифрланған автокредиттеу процесі іске қосылған жаңа кредиттік конвейер іске қосылды. Банк жаңа Eurasian Bank цифрлық платформасын құра отырып, мобильді қосымшаны толығымен қайта іске қосты. Сонымен қатар ҚР Ұлттық банкімен бірлесіп, Цифрлық қаржы құралдарын дамытудағы маңызды қадам-EVO стейблкоинін шығару бойынша пилоттық жоба іске асырылды.
2026 жылғы басымдықтар
Ағымдағы жылы банк негізгі өсу драйверлерін масштабтауға және тиімді бизнес-модельді арттыруға назар аударады. Кәсіпкерлер үшін кешенді қаржылық және цифрлық шешімдердің есебінен ШОБ-қа қатысуды айтарлықтай кеңейту және портфельді ұлғайту жұмыстары жоспарлануда. Клиент белсенділігін арттыру және пайдаланушы тәжірибесін жақсартуға баса назар аудара отырып, мобильді қосымша мен бөлшек қызмет экожүйесінің функционалдығы тереңдетіле береді.
Банк процестерді цифрлық трансформациялап, технологиялық инфрақұрылымды масштабтауды жалғастырады. Аталған басымдықтарды іске асыру жұмыстары тұрақтылыққа, сенімділік пен актив сапасына және ұзақ мерзімді табыстылыққа басты назар аудара отырып, теңгерімделген өсім моделін қалыптастыруға бағытталған.
Еуразиялық банк — актив көлемі бойынша топ-7 банк қатарына кіретін Қазақстанның әлеуметтік маңызды қаржы институты. Банк автокредиттеуде және бірқатар бөлшек сегменттерде жетекші орын алады, сондай-ақ корпоративтік және ШОБ-клиенттеріне кең спектрлі қызметтерді ұсынады.