logo
Қз

Қарапайым сауда — үлкен тосынсый: Еуразиялық банк клиенттері қалай көлік иегері атанды

Еуразиялық банк Mastercard халықаралық төлем жүйесімен бірлесіп ұйымдастырған «Pay&Drive» науқанын қорытындылады. Клиенттердің күнделікті жасаған қарапайым саудалары керемет жеңіске айналып, басты жүлде — үш автокөлік өз иелерін тапты.

 

«Pay&Drive» науқаны 2025 жылдың 17 қарашасында басталып, үш кезеңде өткізілді.  Әр кезеңде бір автокөлік және техника сатып алуға арналған номиналы 1 000 000 теңгелік үш сертификат ойнатылды.  Қатысу шарты өте оңай: кезең ішінде Еуразиялық банктің Mastercard картасымен жалпы сомасы 200 000 теңгеден басталатын әрбір бес төлем ұтысқа қатысу мүмкіндігін сыйлады.

 

«Біз өз клиенттеріміздің үйреншікті әрекеттерін нағыз қуанышты сәтке айналдыруға тырыстық, — деп атап өтті Еуразиялық банк Басқарма Төрағасының орынбасары Айнагуль Даулетбаева. — Жеңімпаздардың арасында біздің қызмет көрсету сапамызды бағалап, жылдар бойы бізге сенім артып келе жатқан банктің тұрақты клиенттері болғаны ерекше қуантады.  Осындай мүмкіндіктерді сыйлай алғанымызға қуаныштымыз және әрбір клиент өзін бақытты сезінуі үшін алдағы уақытта бұдан да қызықты науқандарды өткізуді жоспарлап отырмыз».

Бірінші кезең — 2025 жылғы желтоқсан, Қостанай

Науқанның бас жүлдесі банк картасын көбінесе көлік шығындарын төлеу үшін қолданатын қостанайлық Дина Жумаковаға бұйырды.

 

«Мобильді қосымшадан «Pay&Drive» науқаны туралы хабарламаны көргенде “Науқанның атауы фильмнің атына ұқсайды екен” деп ойладым.   Жеңіске жетемін деген ерекше үмітім де болған жоқ.  Күнделікті өмірде бензин ақысын, ТҚО қызметтерін, азық-түлік сияқты әдеттегі саудаларымды  картамен төлеуді жалғастыра бердім.  Бір күні маған: «Сіз автокөлік ұтып алдыңыз», — деп қоңырау шалды.  Алғашында секемдене қарап,  қазір SMS-код сұрайды деп ойладым.  Алайда бұл ұтыс ойынының нақты нәтижесі екен!  Сонда ғана үйреншікті әрекеттердің өзі мүлдем күтпеген нәтижеге әкелуі мүмкін екенін түсіндім», — дейді жеңімпаз.

Екінші кезең — 2026 жылғы қаңтар, Ақсу

Ақсулық Максим Бридигиннің де бағы жанды.  Бұл ұтыстың мәні ерекше еді – ол жақында әке атанғандықтан, бұл көлік отбасы үшін нағыз қажет кезінде бұйырды.

«Науқан туралы ЛЭД-экрандағы жарнамадан білдім.      Банктен қоңырау шала бастағанда, алаяқтар шығар деген ойдан тұтқаны басып тастап, жауап бермедім.  Тек банк бөлімшесіне шақырып, ресми түрде растаған кезде ғана сендім.  Жақында ғана ұлым дүниеге келіп, осы арада ұтыстың бұйырғаны мен үшін ерекше мәнді жағдай.  Жұбайым екеуіміз балаларға арналған автокресло сатып алып, уақыт өте келе көлік алуды жоспарлап жүрген едік.  Банк картасымен жасаған қарапайым төлемдерім осындай нәтижеге әкеледі деп тіпті ойламаппын.  Біздің отбасымыз үшін бұл жай ғана жүлде емес — бұл нағыз құнды әрі қуанышты сыйлық», — дейді Максим.

Үшінші кезең — 2026 жылғы ақпан, Рудный

Рудный қаласының тұрғыны Дамир Абдибеков үшінші кезеңнің жеңімпазы атанды.  Ол банк карталарын белсенді қолданады екен, ал жақында Eurasian Bank мобильді қосымшасы арқылы автокарта ашыпты.

 

«Науқан туралы банк менеджерлері өткізген таныстырылымнан білдім, содан кейін жаңалықтар мен хабарландыруларды бақылай бастадым.  Бірақ, шынымды айтсам, жолым болады деп тіпті ойламадым.  Банкке шақырғанда да бұның не үшін екенін жете түсінбедім.  Тек кейін ғана мұның бәрі өңім екенін түсініп, шын жүректен қатты қуандым. Отбасымыз үшін бұл өте тамаша оқиға.  Төрт бала тәрбиелеп отырған біз үшін мұндай сыйлық — зор қуаныш», — дейді Дамир.

Автокөліктерден бөлек, Астана, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Өскемен және Қарағанды қалаларындағы  банктің 9 клиенті техника сатып алуға арналған номиналы 1 000 000 теңгелік сертификаттарды ұтып алды.

 

Евразиялық банк өз карта иелері үшін автокөлік, саяхат пен құнды сыйлықтарды сыйлай отырып,  түрлі науқандар мен ұтыс ойындарын тұрақты түрде өткізіп тұрады.  Банктің әрбір клиенті картаны күнделікті өмірде қолдана отырып, жеңімпаз атана алады.

 

Банк картасына Eurasian Bank мобильді қосымшасында онлайн тапсырыс беріп, 35%-ға дейін бонус алуға болады.

 

Жаңа ұтыс ойындары мен науқандар туралы Eurasian Bank мобильді қосымшасында, сондай-ақ банктің eubank.kz ресми сайтында жарияланады.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.