logo
Қз

Арқалықтың жаңа жасыл желегі: Еуразиялық банк Қазақстан өңірлеріндегі әлеуметтік нысандарды көгалдандыруды жалғастыруда

Еуразиялық банктің экологиялық бастамалары еліміздің түрлі өңірлерінде жалғасын тауып жатыр. Кезекті игі шара Арқалықта жалғасын тапты: банк ұжымы Қостанай облысының маңызды медициналық орталығы – Арқалық өңірлік ауруханасының ауласына 90 түп ағаш екті.


Аурухана аумағында 30 үйеңкі, 30 қарағай және 30 пирамидалық терек бой көтерді. Жаңа көшеттер Арқалық қаласы мен облыстың оңтүстік аудандарының тұрғындары күн сайын ем алатын медициналық мекеменің ажарын аша түспек.


«Біз үшін экологиялық жобалар — туған қалаларымыздың дамуына қосылған шынайы әрі қомақты үлес қосу мүмкіндігі. Әсіресе, халық жиі келетін өңірлік ауруханаларға қолдау көрсету өте маңызды. Бірнеше жылдан кейін бұл аумақ жайқалып өсіп, емделушілер мен дәрігерлер, қала тұрғындары үшін жайлы әрі демалыс сыйлайтын жасыл баққа айналатынына сенімдіміз», — деп атап өтті Еуразиялық банктің Қостанай қаласындағы филиал директоры Кырмызы Жанбыршина.


Арқалық өңірлік ауруханасының басшысы Нурлыбек Изетов те бұл бастаманың маңыздылығына тоқталды:
«Аурухана – адамдарға ерекше күтім мен тыныштық қажет мекен. Мекеме аумағының көгалданып, абаттандырылуы пациенттердің тез сауығуына және ұжымның жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасайды. Біздің өңірге қолдау көрсетіп, осындай маңызды жобаны жүзеге асырғаны үшін Еуразиялық банкке ризашылығымызды білдіреміз», — деді ол.

 

Арқалық өңірлік ауруханасы — құрамында емхана, стационарлық және босану бөлімшелері, жансақтау, хирургия, инсульт орталығы, сондай-ақ инфекциялық, балалар бөлімдері мен заманауи диагностикалық қызметтері бар көпбейінді медициналық орталық.

 

Еуразиялық банк — активтерінің көлемі бойынша ең ірі ондықтың қатарына кіретін Қазақстандағы әлеуметтік маңызды коммерциялық банк. Еуразиялық банк бүкіл әлем бойынша 150-ден астам ұйымның басын біріктіретін Mastercard «Priceless Planet Coalition» («Баға жетпес планета») жаһандық бағдарламасының қатысушысы болып табылады. Оған мүше ұйымдар 2030 жылға дейін дүниежүзі бойынша 100 млн ағаш отырғызуды жоспарлап отыр.

 

Банк «Баға жетпес планета» коалициясына қатысып қана қоймай, транзакциялардан түсетін бонустары көгалдандыру жобаларына бағытталатын арнайы Экокарта шығарады.

 

Өткен жылы Алматы, Астана және еліміздің басқа да қалаларында 1000-нан астам ағаш отырғызылды. Бұл бастама қала келбетін көріктендіріп, адамдарды табиғатты аялау идеясына біріктіретін банк пен оның қызметкерлерінің игі әрі тұрақты дәстүріне айналды.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.