logo
Қз

Еуразиялық банк депозит мөлшерлемелерін ЖТСМ 20,5%-ға дейін арттырады

Еуразиялық банк “Жинақтаушы TURBO Депозит” салым мөлшерлемелерін толықтыру құқығымен және толықтыру құқығынсыз  ЖТСМ 20,5%-ға дейін жаңартты.

 

Еуразиялық банк белгілі бір мерзімге қаражатын белгілеуге дайын клиенттер үшін жоғары табысты ұсынысты іске қосты.  Таяу айда ЖТСМ 20,5% мөлшерлемелі салым ресімдеуге болады.

 

Жаңа шарттар белгіленген мерзімді депозиттер үшін мамыр айында қолданысқа енеді:

* толықтыру құқығымен Жинақтаушы Turbo Deposit  (3 ай)-ЖТСМ 20,50-20,53% (номиналды мөлшерлемесі 18,95%);

* толықтыру құқығынсыз Жинақтаушы Turbo Deposit:

– 6 айға – ЖТСМ 20,00-20,01% (номиналды мөлшерлемесі 18,52%)

– 10 млн теңгеден бастап 6 айға – ЖТСМ 20,50-20,52% (номиналды мөлшерлемесі 18,95%)

– 12 айға – ЖТСМ  20,50% (номиналды мөлшерлемесі 18,79%)

 

Ұсыныстың негізгі ерекшелігі-ішінара алуға болмайтын және кейбір жағдайларда толықтыруға болмайтын салымдар үшін жоғары мөлшерлеме. Мұндай формат банк үшін қаражат тартуды болжамды етеді де, клиенттерге жоғары кіріс ұсынуға мүмкіндік береді.

 

Бұл ретте қысқа мерзімді депозиттер икемділігін сақтайды: үш айлық салымдарды толықтыруға болады, бұл біртіндеп жинақтауға ыңғайлы.

 

Ұсыныс шектеулі уақытқа ғана жарамды және клиенттерге ағымдағы кірістілік деңгейін 12 айға дейін бекітуге мүмкіндік береді.

 

Бұл шешім ұзақ мерзімді ресурстық базаны нығайту және халық арасында жинақтау мәдениетін қолдау стратегиясы шеңберінде қабылданды. Жоғарылатылған мөлшерлемелер тек өз қаржысын тұрақты жинақтайтын және ұзақ мерзімге жоспарлауға дайын клиенттерге бағытталған жинақ өнімдері бойынша ғана әрекет етеді. Банк белгі бір мерзімде орналастыратын қаражат үлесін ұлғайтуға бағытталған. Бұл өтімділікті дәл жоспарлап, ағымдағы жағдайларда клиенттерді тұрақты кредиттеуге мүмкіндік береді.

 

Жаңа шарттар нарық бойынша орташа деңгейден жоғары кірістілікті көздейді, бұл Банктің жинақ депозиттерін қаражатты сақтау және көбейтудің ең тартымды құралдарының біріне айналдырады. Біз жинақ өнімдерінің желісін дәйекті түрде дамыта отырып, клиент қаражатын ұзақ мерзімге сақтауға тиімді болатын жағдай жасаймыз. Мөлшерлемелерді көтеру-бұл біздің жауапты қаржы беталысын қолдау және клиент сенімдерін нығайтуға қосқан үлесіміз.

 

Депозитті  Eurasian Bank қосымшасында онлайн немесе банк бөлімшелерінде ашуға болады.

 

Мөлшерлемелердің өзгерістері туралы толық ақапаратпен сілтеме бойынша танысуға болады.

 

Еуразиялық банк – қаржы институттарының ірі ондығына кіретін  Қазақстанның әлеуметтік маңызды коммерциялық банкі. Банк автокредиттеу, бөлшек бизнес саласында жетекші орынға ие және корпоративтік және ШОБ клиенттеріне  кең спектрлі қызмет көрсетеді.

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.