logo
Қз

Еуразиялық банк автокредит бойынша сақтандыру тәртібінің өзгергені туралы хабарлайды

Еуразиялық банк жекелеген банктік қарыз шарттары бойынша көлік құралдарын сақтандыру тәртібіне өзгерістер енгізілетінін мәлімдейді.

 

Өзгерістер Банк “Еуразия” сақтандыру компаниясымен ресімдеген автокөлік құралдарын сақтандыру шарттары бойынша 2021 жылғы 24 ақпаннан 2026 жылғы 31 қаңтарға дейін жасалған автокөліктерді сатып алу шарттарына қатысты болады.

 

2026 жылғы 31 наурыздан бастап Еуразиялық банк көрсетілген шарттар бойынша автомобильдерді сақтандыруды рәсімдеу мен ұзартуды тоқтатады.

 

Бұл ретте өзгерістер тек сақтандыру тәртібіне ғана қатысты және банктік қарыз шарттары бойынша қызмет көрсету талаптарына әсер етпейді. Тараптардың төлемдер кестесін, пайыздық мөлшерлемелер мен кредиттеудің өзге де талаптарымен қоса,  барлық міндеттемелері өзгеріссіз қалады және толық көлемде әрекет ете береді.

 

Қажет болған жағдайда клиенттер өздерінің жеке қалаулары мен қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін сақтандыру компаниясы мен сақтандыру талаптарын таңдап, көлік құралын өз бетінше сақтандыра алады.

 

Еуразиялық банк өз клиенттері үшін қолайлы, заманауи әрі технологиялық шешімдерді кеңейту бағытындағы жүйелі жұмысын жалғастыра береді.

 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда клиенттер банк бөлімшелеріне немесе төмендегі нөмірлер бойынша байланыс орталығына хабарласа алады:

Beeline: +7 (771) 000-77-22

Tele2/Altel: +7 (700) 000-77-22

Kcell/Activ: +7 (702) 010-77-22

WhatsApp: +7 (777) 000-77-22

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.