logo
Қз

Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.

 

Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.

 

Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда. Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема. Сақ болыңыз!

 

Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады:

– күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу;

– дербес және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;

– әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты, әсіресе жоғары әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда, мұқият тексеру;

– алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына дереу хабарласу және банкті хабардар ету ұсынылады.

 

Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

 

Дереккөз: ҚР Бас прокуратура Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы

Сіздің қалаңыз: Алматы.
Дұрыс па?


Кері қоңырау шалуға
тапсырыс беру


Рақмет!

Сіздің өтініміңіз қабылданды. Біздің менеджер сізге жақын арада хабарласады.

Жақсы

Получить консультацию

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо

Кеңес алу

Спасибо!

Ваша заявка принята. Наш менеджер перезвонит Вам в самое ближайшее время для уточнения деталей.

Хорошо
Еуразиялық банк пайдаланушылардың дербес деректерін қорғайды және Cookies-ті сервистерді дербестендіру үшін ғана өңдейді. Сіз өзіңіздің браузеріңіздің параметрлерінде Cookies өңдеуге тыйым сала аласыз. Жеке деректерді өңдеу және Cookies шарттарымен танысуыңызды өтінеміз.