Еуразиялық банк интернеттегі алаяқтық жарнаманың таралып кеткені туралы ескертеді, онда пайдаланушыларға Freedom Academy ұсынған “инвестициялау бойынша тегін білім беру курсынан” өту ұсынылады.
Сенімді арттыру үшін қаскүнемдер қаржы секторының белгілі өкілдерінің, соның ішінде Еуразиялық банк Басқармасының төрағасы Ляззат Сатиеваның фотосуреттерін пайдаланған.
Пайдаланушыларға сілтемеден өтіп, “оқуға” қатысу үшін сауалнама толтыру керектігін ұсынады.
Біз бұл фотосуреттің және ондағы танымал қаржыгерлердің мәлімделген курстар мен білім беру бағдарламаларына ешқандай қатысы жоқ екенін атап өткіміз келеді. Фотосурет 2026 жылғы наурызда өткен қаржы форумы кезінде түсірілген.
Бүгінгі таңда алаяқтар кез келген қолжетімді суеттер мен деректерді, соның ішінде жария тұлғалардың, сондай-ақ ЖИ, заманауи цифрлық технологияларды пайдаланады. Бұл олардың алаяқтық ұсыныстарын қауіпті әрі сенімдірек етеді. Топ-менеджерлердің фотосуреттерін олардың келісімінсіз пайдаланады, ал жарнаманың өзі жалған және пайдаланушылардың жеке деректерін жинауға бағытталған.
Азаматтарды аса мұқият болуға және цифрлық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырамыз:
– ақпаратты тек ресми сайттар мен расталған компания аккаунттарынан ғана тексеру керек;
– жарнамалар мен мессенджерлердің күдікті сілтемелеріне өтпеу керек;
– жеке деректерді беймәлім платформаларда қалдырмау керек;
– “жылдам оқу” және “кепілді табыс” сынды уәделерге сыни көзбен қарау керек;
– мәтіндегі қателер, күмәнді домендер мен компаниялардың ресми стиліне сәйкессіздігі сияқты егжей-тегжейіне назар аудару қажет.
Күмәнданған жағдайда қаржы ұйымдарын ресми қолдау қызметіне хабарласып, ақпаратты тек сенімді дереккөздерден тексеру керек.
Еуразиялық банк клиенттері төмендегі телефон нөмірлері бойынша тәулік бойы хабарласа алады:
+7 (777) 000-77-22— Beeline;
+7 (777) 000-77-22 — Tele/Altel;
+7 (702) 010-77-22— Kcell/activ.