Қазақстанның Бас прокуратурасы пайдаланушының жеке деректері мен смартфондағы банктік қосымшаларына қол жеткізе алатын Drama RAT зиянды бағдарламасының таралып кеткені туралы азаматтарды ескертті.
Вирус мессенджерлер, SMS және электронды пошта арқылы тарайды. Қаскүнемдер оны танымал қызметтер мен қосымшалар ретінде жасырады, мысалы: ChatGPT, VPN-бағдарламаларға, музыкалық қызметтер мен ойын үлгілеріне, сондай-ақ “Декларация” немесе “Төлем шоты” атаулы іскери құжаттарға ақысыз қол жеткізуді ұсынады. Орнатқаннан кейін бағдарлама “жаңартуды” ұсынады, оның барысында құрылғыға негізгі зиянды бағдарлама байқатпай жүктеледі. Содан кейін пайдаланушыдан Android арнайы мүмкіндіктеріне қол жеткізуді сұрайды.
Рұқсаттарды алғаннан кейін бағдарлама экрандағы ақпаратты оқып, логиндер мен құпия сөздерді және бір реттік растау кодтарын қолға түсіріп, банктік қосымшаларды басқару, PIN-кодын орнату және құрылғыны бұғаттауға қабілетті болады.
Еуразиялық банк клиенттерге мессенджерлер мен бейтаныс жіберуші хаттарындағы файлдарды жүктемеуге, қосымшаларды тек ресми дүкендерден (App Store, Google Play) орнатуға, ақылы қызметтерге тегін қол жеткізу ұсыныстарынан сақ болуға, кез келген бағдарламаны орнататын кезде сұралып отырған рұқсаттарды мұқият тексеруге, сондай-ақ құрылғының операциялық жүйесін уақтылы жаңартып отыруға кеңес береді.